шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ақиқатқа айналған бабалар арманы орындалып, боздақтар ақталған күн

31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілеп, қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ даласында жүргізілген жасанды террор мен геноцидтің салдарынан алып далада опат болып, көмусіз қалған қайран халқымыз өзінің үштен екісінен айрылыпты деседі. Бұлай деуімізге себеп – сол замандарда өмір сүрген қазақ зиялысы, бес арыстың бірі – Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетіне «Әлхамдулиллә, 6 миллионбыз!» деген атаумен мақала жариялаған екен. Мұны кәрі тарих пен ресми мұрағат беттері жоққа шығара алмайды. Ендеше, сол бір зұлмат болмаса, бүгінгі қазақ саны жоқ дегенде 60 миллионға жуықтап қалуы мүмкін екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ даласында жүргізілген жасанды террор мен геноцидтің салдарынан алып далада опат болып, көмусіз қалған қайран халқымыз өзінің үштен екісінен айрылыпты деседі. Артынша аштықты артқа тастап, енді ғана қолы аузына тиді деген тұста да солақай сасаттың кесірінен талай зия-лылар мен оқыған көзі ашық марғасқалар атылды, түрмеге қамалды. Сталиндік зобалаң мұнымен де бітпеді, ұлы көсем өлгенше қазақ даласында болған «карлаг», «алжир» лагерьлері әділетсіз, жазықсыз жапа шеккендер үнімен күңіреніп тұрды.

Міне, осы құрбандарды еске алу үшін 31 мамыр күні аудандық Жастар ресурстық орталығы және Исатай Тайманұлы атындағы мұражайдың ұйымдастыруымен жастарды патриоттық ұстанымға шақыру мақсатында «Ұмытылмас тағдырлар» атты Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді. Шараға саяси қуғын-сүргін құрбандары Бекқали Өтепқалиев пен Қойшыбай Есенбаевтың ұрпақтары Сақтай ағай мен Гүлзира апайлар қонаққа шақырылған болатын. Бүгінде өздері зейнеткерлік жастағы қос ұрпақ күңірене отырып, сонау жылдардағы зобалаң жайында айтып берді. Түкке тұрмайтын қайдағы бір қаңқу сөз үшін немесе мойнына ілген медальді атасы "темір ғой" дегені үшін он жылға сотталып кете барған бабалары туралы толғаған қонақтар тарихтан сыр шертіп, тілек жолдарын арнады. Сонымен бірге ардагер ұстаз Е.Насимуллин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмутовтар да көрген-оқыған әңгімелерімен бөлісіп, шежіре-тарихты қозғай отырып, кеңінен толғады. Кешті жастар ресурстық орталығының басшысы Гауһар Талғатқызы қорытындылап, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына естелік сыйлықтар табыстады.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru