шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ақ желеңді абзал жандарға арналды

Өткен аптада аудандық «Жалын» мәдеиет үйінде медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» атты салтанатты жиын өткізіліп, адам жанының арашашысы ақ желеңді абзал жандар марапатталды.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан аса қадірлі мамандық – медицина саласын меңгеріп, бүгінде Гиппократ антына адал болып, жұғысты жұмыс үлгісін көрсетіп жүрген аудан дәрігерлері мен мейірбикелерін аудан әкімі атынан құттықтады:
- Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберлік иелерінің мерекесі. Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы, сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілеймін.


Сіздің саналы ғұмырларыңыз адам денсаулығын сақтауға арналады. Осынау жауапты да тынымсыз, игілігі мол істе уақытпен санаспай еңбек етіп, қашан да адалдықты ту қылып ұстап келесіздер. Баршаңызға медицина саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деген ол аудан медицинасын зор деңгейге көтеріп, өз ісінде ерекшеле-ніп жүрген сала үздіктерін марапаттады.
Сондай-ақ аудандық депутаттар корпусының атынан аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметжанова мен аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Төлеген де ақ желеңді абзал жандарды құттықтап, ұзақ жылдар бойы өз ісіне берік, адал қызмет етіп жүргендерді ұлықтады. Атап айтқанда, Ж.Әбежанов, Ғ.Қабделов, А.Стамғазиева, Р.Көшенқызы, Ж.Күншығарова, А.Әбілқайырова, Ж.Ізбасарқызы, А.Бегімбетов, Ж.Бигалиевалар марапатталып, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңы аудан өнерпаздарымен дайындалған мерекелік ән-күйге ұласты.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru