Ажары келіскен ауыл тойы

Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген игі шаралар дүрілдеп өтіп жатыр. Әр күніміз мерекеге, концерттік шараларға, бәйгеге ұласуда. Соның бірі де бірегейі – Қамысқала ауылдық округінде өткен ауыл тойы.

Ежелден ауылы ажарлы, адамдары ақжарқын, елі берекелі Қамысқала - бүгінде ауданымыздың Атырау жақ шығыс қақпасы. Бұрынғы аудан орталығы мәртебесінен аласарғанына қарамастан 5 мыңға жуық халқы бар, өрісі малға толы қазыналы мекен. Х.Ерғалиевтей арқалы ақынды тудырған бұл өлкенің бір кездері атағы жер жарып, орталықтан келген талай бұлбұлдар мен дүлділдердің атой салып, ат ойнатқан, Социалистік Еңбек Ерлерінің де дені осы ауылдан шыққаны рас.

Газетіміздің өткен санында жарық көрген «Жылыжай – табыстың қайнар көзі» атты мақаланың бас кейіпкері Ғ.Балмолдин салған жылыжайдың ашылу салтанатымен басталған ауыл тойына жиылған көпшіліктің қарасы қалың болды. Ауылдың ақсақалдары мен көпті көрген күміс самай әжелері кәсібінен нәсіп таппаққа ұмтылып, ел игілігі үшін әлеуметтік бас-таманы қолға алған ауылдас-тарына алғысын жаудырып жатты. Аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев пен ауыл әкімі Р.Тәжиденова ресми лентасын қиған жылыжайда бүгіндері қияр, қызанақ өсірілуде екен. Несиеге 5 миллион теңге демеуқаржы алған кәсіпкердің бұл бастамасына қызу қолдау білдірген ауыл тұрғындары да бүгінде көкөністі алыстан емес, осы жылыжайдан алып, тұтынатынын айтып жатты.

«Имандыққа бет бұрар мешітім бар,

Жамағаттың намазға қосқан басын.

Мәдениет үйіміз жөнделуде,

Өнерлі ұлдар жұмыстан қысқармасын.

Балабақша салынды бөбектерге,

Сәбилердің бет-жүзі сұстанбасын.

Енді бізге салынса спорт мектеп,

Сәт кеп тұр тізгінді алып, ұстар басын.

Үш рет Қызыл Туды ұтқан аудан,

Қызығын көріп елдің іш баурасын.

Новобогат ауданы болған елдің,

Ақыны не айтарын тұспалдарсың.

Қысқасы, ақын болып айтатыным

– Ауылда жасалатын іс қалмасын.

Ауданның орталығы болған ауыл Әкімнің назарынан тыс қалмасын» деп алыс-жақынды түгел жырына қосып, ауылдағы оңды істерді теріп айтты. Ал, бүгінгі ауыл әкімі Р.Тәжиденованың жеке басына да біраз тоқталған ақын:

«Әйел басшы болса көш оңбайды деп,

Айтушы едік еркек болып қалу үшін.

Бұл күнде әйел ерлік жасап жатыр,

Ауылымыз өркендеп даму үшін.

Келгелі жәрмеңке қып аптасына,

Ауылдың жасап жатыр сауық ішін.

Адам өтер көпірге шам қондырып,

Көпшілікке байқатты тәуір ісін.

Саябаққа тағы да шам жандырып,

Балалардың арттыруда тағы ырысын.

Біздің ауыл қараңғы көрінуші ед,

Бұл менің емес еді жаңылысым.

Рафиғат әкімге мың алғысым,

Жап-жарық қылып қойған ауыл ішін» деп әзіл-шыны аралас ауылы үшін шапқылап, келгелі біраз шараның ұйытқысы бола білген әкімнің мерейін үстем етті.

Округ әкімі Р.Тәжиденованың оқыған баяндамасы ауыл жылнамасына арналса, артынша ауыл тұрғындары ішінен ел өміріне белсенді араласып жүрген ауыл қариялары мен спортшы жастарды, өлкенің қоғамдық-саяси дамуына бір кісідей атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады. Ауданнан арнайы ат арытып келген аудандық мәслихат хатшысы Н.Мұханбеталиев, көршілес жатқан Тұщықұдық, Аққыстау ауылдық округтерінің әкімдері М.Өтеғалиев, Ғ.Боранбаев та қамысқалалықтарды құттықтап, жиылған көпшілікті аз күннен кейін өз округтерінде өтетін ауыл тойына қонаққа шақырды. Ауылдың атын әйгілеп жүрген спортшы өрендер де бұл күні мерекеден қалыс қалмай, жиылған көпшілікке өз өнерлерін көрсетіп, абыздардың батасы мен алғысын алды. Сонымен, ауданның 90 жылдығына арналған ауыл тойын бастаған Қамысқала мерекені өз деңгейінде атап өтіп, өзгелерге үлгі болатын алдыңғы толқын аға өлке екенін тағы бір дәлелдеді. Ендігі кезек Тұщықұдық, Исатайдікі. Оларда да елім, жерім дейтін отансүйгіш өңір өрендері баршылық. Ендеше, ол ауылдарда өткен мерекелік мате-риалдарды газетіміздің келесі санынан оқисыздар.

Аслан Мұратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521