шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Аққыстау ауылындағы Бәйтерек алаңында Балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтті.

Мерекелік шеруді сөз сөйлеп ашқан аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. - Бұл мерекені - балалар өмірі құқықтарын, пікірі мен бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологиялық жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде атап өтеміз, - деген ол бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып отырғанын тілге тиек етті. - Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен білім саласы аясында біздің ауданымызда да нәтижелі істер атқарылуда. Атап айтсақ, қазіргі таңда ауданда 15 мектеп 12 балабақша кешені, жалпы орта білім беретін мектепте шағын орталықтар жұмыс жасайды.

s

c

i

Осылай деген Нұрғайша Абежан бүлдіршіндердің әрдайым жолдары ашық болып, ойлаған армандарына жетулерін тіледі. Шеруді алғаш болып облыстық, республикалық конкурстардың лауреаты, домбыра сыныбының жоғарғы санатты мұғалімі Ербол Ақтанов жетекшілік ететін Шәмшиден Шәріпов атындағы балалар саз мектебі мұғалімдер оркестрі бастады. «Балдәурен» балалар хоры, «Балдырғандар» балалар оркестрі, «Аққыстау орта мектебі» үздіктер, «Спорт жұлдыздары» колоннасы, жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектептің «Жас инспекторлар» және «Өркен орта мектебі» Жұмабай Мырзағалиев, Ғ.Мәсәлімов атындағы, сондай-ақ Новобогат орта мектебінің оқушылар колоннасы да алаңнан жүріп өтті.

c

c

Шеруді аудандық «Үлгілі Аққайың» бишілер колоннасы қорытындылады. Мерекелік шара барысында мектепке дейінгі тәрбие бойынша облыста өткен «Білім жолымен» олимпиадасы мен «Тіл – ұлт қазынасы» байқау, спорттық-интеллектуалдық ойындарында жоғары жетістіктермен көрінген бүлдіршіндердің тәрбиешілері С.Ахаева, Г.Саюпова, А.Қабдолова, Ә.Хайруллина, С.Сапаровалар марапатталды.

Өз тілшіміз

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru