Кәсіби мерекелеріңізбен, әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекеміз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен жоғары құндылық жоқтығын әрқайсымыз білеміз. Бұл баға жетпес байлық, үлкен жауапкершілік бізге жүктелген. Сіздерге ең қымбат нәрсе - денсаулық, ал оның қорғаушысы болу заманауи білім, жан-тәнімен берілуді және ең жақсы адами қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.

Өз ісіне деген адалдық сақтайтын ақ халаттылардың кәсібилігінің жоғары екендігін мойындау керек. Сол кәсібиліктің арқасында, еліміздің көптеген азаматтарына белсенді өмірге оралуға, ертеңгі күнге сеніммен қарауға, өмірдің қуанышын жаңадан сезінуге мүмкіндік берген.

Бұл күні барлық медицина қызметкерлеріне алғыс пен ризашылығымды білдіруге, сондай-ақ жемісті еңбегі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер. Сіздерге жаңа жетістіктер, идеялар, қажымас энергия мен Сіздердің жауапты еңбектеріңізде тұрақтылық тілеймін.

Құрметпен: Исатай аудандық орталық аурухана директоры Бауыржан ТӨЛЕГЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521