шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Мақтауға лайық мейірбикелер

Жыл сайын мамыр айының 12-сі күні Дүниежүзілік мейірбикелер күні атап өтіледі. Бұл күні ақ халатты, абзал жанды мейірбикелерге құрмет көрсетіп, олардың еңбектерін бағалап, алғыс білдіріп, марапаттап жатады.

Мейірбике – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін, сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Олардың науқастарды емдеуде, ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Бұл мерекелі күннің тамыры сонау 1853 жылдан бастау алады. Әлем бойынша 1974 жылдан басталған. Қырым соғысы кезінде жарақат алғандарға көмек көрсету үшін қайырымдылық қызметін ұйымдастырған Флоренс Найнтингейлдің құрметіне арналған мереке күні бүгінге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде тойланып келеді екен.

Осыған орай «Жалын» мәдениет үйінде Дүниежүзілік мейірбикелер күні мерекесіне орай аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Онда алдымен аудандық орталық аурхана директоры Бауыржан Төлеген құттықтау сөз сөйлеп, одан әрі орталық аурухананың дамуына айтарлықтай үлес қосқан сала қызметкерлері арасынан Гүлмира Исмурзина «Үздік тәлімгер» номинациясы бойынша Құрмет грамотамен, Ләззат Бақтығалиева «Үздік шәкірт» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақтолқын Ахметжанова да ізгі тілегін арнап, аудандық орталық аурухана қызметкері Гүлсара Жаңбырбайқызына Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Ауылдық округтер бойынша медицина саласының қызметкерлері мен ардагерлері де Алғыс хатпен ұлығыланды. Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru