Әр ұлттың әнін шырқап, дәмін ұсынды

Х.Ерғалиев ауылында өткен мерекелік шара «Ел бірлігі – достықта» деп аталды. Мерекелік шеруде мекеме ұжымдары мен қоғамдық ұйым мүшелері орталық алаңмен жүріп өтті.

Олардың арасында ауылдық округ аппараты ұжымы мен ауылдық ардагерлер кеңесі, мұғалімдер мен дәрігерлер, спортшылар, т.б. бар. Бұндағы бір ерекшелік, шеруге шыққан әрбір мекеме әр ұлтқа бөлініп, олардың ұлттық киім үлгілерін көрсетіп қана қоймай, әндерін шырқап, билерін биледі. Әр тілде құттықтау тілектерін арнады. Тіпті, өздері таңдаған ұлттың тағам түрлерін де дайындап әкеліп, оны көпшілік көрерменге тарту етті. Құттықтау сөз сөйлеген ауыл әкімі Р.Тажиденова мен ауылдық ардагер кеңесінің төрағасы С.Ниғметжанов еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімін, ынтымақ-бірлігіміздің баяндылығын әңгімеге арқау етіп, ел татулығы берік болсын деген тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мекеме басшылары да жиылған көпшілікке жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара ауыл өнерпаздарының сазды бағдарламасына ұласты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521