Қырғыз елінен келген қос қариға ат мінгізді

Аудандық "Зинеден ата" мешітінде тойланған айт мерекесінде мешіттің бас имамы Бейбіт Ағыбаев Рамазан айының басынан Қадыр түніне дейін тұтас Құранды хатым еткен Қырғыз елінің қос қариына жамағат атынан алғыс білдірді.

Мешіт жамағатының жасы үлкендерінің бірі Самиғолла Машаев қариларға ағалық батасымен қоса мешіт және жамағат атынан ақшалай сыйлық табыстады. - Отыз күн ораза бойы тарауих намазында бүкіл Құранды оқып шығу оңай шаруа емес. Бұл бір күнде бір пара Құран аяттары оқылды деген сөз, - деген Самиғолла ағай діндарларға қазақы салтпен шапан жауып конверт тапсырды. - Қазақта құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жабу деген салт бар. Сол үрдіспен қос қариымызға құрмет көрсетуді жөн көрдік. Иықтарыңызға шапан жауып, ат мінгізгелі тұрмыз. Қабыл алыңыздар, - деді ардагер.

k

k

k

k

Cондай-ақ, мешіт жанынан құрылған "Аққыстау иман жастары" еріктілер тобы да Құран мамандарына сый-сияпаттарын ұсынды.

Айтта бас имамның уағызы айтылып, мерекелік дастархан жайылды. Мешіт алаңында қазақ күресі, кіртасын көтеру, арқан тартыс секілді ұлттық ойындардан жарыс өтіп, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.

 

С.ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521