«Жайнай бер, арайлы Астана!»

Еліміздің түпкір-түпкірінде тойланған Астана күнінің мерекесі Нарын, Жанбай, Исатай ауылдық округтерінде де аталып өтті.

«Жайнай бер, арайлы Астана!» тақырыбында өткен Нарындағы салтанатты жиында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Ғабит Қазбек тұрғындарды мерекемен құттықтап, Астананың жетістіктеріне тоқталып, оның табысы Қазақстанның дүниежүзіндегі беделіне ықпал ететіндігін атады.

Сондай-ақ, ауылдық ардагерлер ұйымы төрағасы Ғайнолла Есмағамбетов ізгі лебізін білдірді. Ауыл тұрғыны Асқар Панабердиев аз уақыт ішінде гүлденіп, өркендеген елорда дамуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен атқарылғандығына тоқталды. Мерекелік шара ауылдық округ көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ал Жанбай ауылдық округінің мәдениет үйінде ауыл жастары «Арман қала Астана!» атты мерекелік шара ұйымдастырған. Ауылдық мәдениет үйінің директоры Құралай Қапсихова тұрғындарды Астана күнімен құттықтады. Ауыл тұрғындары жастар мен студенттердің өткізген мерекелік шоу бағдарламасының куәсі болды. Жас-тар үшін кеш соңы бимен, қызықты ойындармен жалғасты.

Бүгінде жас қаламыз Астана мәдени дамудың, жаңаша сәулеттенудің үлгісіне айналды.

Күн санап жаңарған елорамыздың торқалы тойына арналған мәдени шараны исатайлықтар да ерекше көңіл күймен өткізілді.

Шарада Исатай ауылдық округінің әкімі Ұлбосын Қабиболлақызы ел өміріндегі атаулы мерекенің ерекшелігіне тоқталып, жас қаланың жетістіктерін атап, болашақта да өркендеп гүлдене беруіне тілектестігін білдіріп, ауылдастарын мерекемен құттықтайды. Сонымен қатар ардагерлер ұйымының төрағасы Исабай Хидоллаұлы ақжарма лебіздерін жеткізді.

Ауылдық округ көркемөнерпаздарының орындауындағы «Астана», «Аманат», «Қазақ елі» тағы да басқа әуезді әндері мен мың бұралған билері, қоңыр дауысты оқыған өлеңдері шараның шырайын ашты.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521