шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

«Біз көрген бейнетті көрмеңдер»

Ұлы Отан соғысында елін, жерін, ұлтын жаудан қорғаған қаһарман жерлестеріміз соғыстың біткеніне 74 жыл толса да әлі күнге арамызда бар.

Бүгінде Атырау қаласында тұрып жатқан Тайыр Ғұмаров есімді ақсақал 1924 жылы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген екен. Ол 1942 жылы ІІ Украина майданына әскер қатарына қабылданып, Украина қалаларын неміс әскерінен азат етуге атсалысып, қарулас замандастарымен бірге ерекше ерлігімен танылған. Румыния, Чехословакия елдерінде көрсеткен ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Маршалы - Жуков медалімен марапатталыпты. Соғысты шығыс Еуропа мемлекеттерінде жүріп аяқтаған майдангер 1945 жылы елге оралып, бейбіт күннің еңбегіне араласады. Майданнан кейінгі қираған экономика мен өндірісті қалпына келтіруге атсалыса жүріп, «Батыс Қазақстан геофизиктерінің экспедициясы» кәсіпорнында табысты еңбек атқарады.

Әр жылдары Ұлы Жеңістің мерекелік медальдары, «Қызыл Жұлдыз», «Ерлігі үшін» медальдары және «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі даңқы» орденін кеудесіне жарқырата тағып, Атырау қаласының Құрметті азаматы атанған соғыс ардагерін мейрамымен құттықтай барған аудан әкімі Марат Мурзиев ақсақалға ауыл-елдің жаңалығы мен соңғы жылдарда қол жеткізген жетістіктерін жеткізді. Сондай-ақ, «Исатай ауданына – 90 жыл» мерекелік медалі мен Алғыс хат және ауданның шежірелі энциклопедиясы мен сый-сияпатын табыс етті.

Бүгінде 95 жасқа келіп отырған жерлес майдангер өзін елден арнайы іздеп келіп отырған аудан басшыларына рақметін айтып, қызметтеріне табыс тіледі. Өздері көрген бейнетті өмірдің ешқашан қайталанбауын, кейінгі жас ұрпақтың сәулелі ғұмыр кешуін тілеп, батасын берді.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru