Тікелей эфирден тыңдады

Кеше «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты «Болашақ» бастауыш партия ұйымындағы партиялық топ Аққыстау орта мектебі базасында болып, көгілдір экраннан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Үндеуін тыңдады.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы бас-тап қатысқан басқосуға партия мүшелері, мектеп мұғалімдері мен белсенді аудан жастары да атсалысты. Үндеуде кезектен тыс президенттік сайлаудың өту мерзімі мәлім болды. Тыңдалым аяқталысымен қатысушылар жан-жақты пікірлерін білдіріп, бірі күтпеген жаңалық десіп, енді бірі ел болашағы үшін жасалған дұрыс қадам, оң шешім екенін айтады.

- Елбасымыз Үндеуде айтып өткендей, бұл шешім тек басшының ғана шешімі емес, келелі кеңес мүшелерімен бірлесе, бірауыздан қолдау тапқан шешім екені айқын. Әрине, еліміздің Тәуелсіздігін одан әрмен нығайтып, халқымыздың бірлігі, бейбіт елдігі үшін жасалып жатқан игілікті қадам деп ойлаймын. Бастысы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев саралап берген бейбітшілік көші түзу болса, біздің бағындырар белесіміз, алар асуымыз алда екеніне сенемін,- деді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521