шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тұрғындар сауалы жауабын тапты

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасына сай әр айдың соңғы жұмасында «Ашық есік» күнін өткізу шарасы жүзеге асуда.

Осыған орай, аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан әкімі Марат Мурзиев, аудан әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарға жауап берді. Кездесуге келген аққыстаулық Құттығұл Шеруенов жаңбыр жауған кезде жекеменшік үйінің айналасына жаңбырдың суы толып кететінін, сол жерге топырақ төгетін көлік қажеттігін айтты. Сонымен қатар Теміржол мөлтекауданының тұрғыны Ақылбек Сағынғалиев балаларға ойын алаңы және сол көшеге тасжол керектігін, қоқыс контейнерлерін қоршап, үлкейту жөніндегі сұрақтарын жолдады.

Бұл сұрақтарға аудан əәкімі Марат Мурзиев жауап беріп, бұл мәселелердің күн тәртібінде екенін ескертіп, тиісті сала басшыларымен бірлесе бір шешімі болатынын айтты.

«Ашық есік» күні тұрғындармен кездесуге аудан әкіміне -3 адам, ауылдық округтер әкімдеріне -21 адам, емхана-1 адам, 15 мектеп бойынша -77 адам, 12 балабақшада - 20 адам, 5 қосымша білім беру ұйымдарына -2 адам, халықты жұмыспен қамту орталығына -1 адам келді. Мәселелеріне тоқталсақ, бірі «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуды, бірі жаңа форматтағы атау- лы әлеуметтік көмектер жайын, енді бірі қатты тұрмыстық қалдықтар салатын контейнерлерді көбейту және тазалық жұмыстары аясында сұрақтарын назарға берді. Сондай-ақ, «Атырау-Астрахан» тасжолы бойына талдар отырғызу, балалар ойын алаңын салу, Зинеден ауылына спорттық ойындар ұйымдастыру, жер алу, тұрғын үйін жөндеу, тұрғын үйді өз атағына аудару бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru