Әрбір адамның пікірі аяқсыз қалмайды

24 сәуір күні Х.Ерғалиев ауылын-дағы мәдениет үйінде облыстық мәслихаттың депутаты Әділ Жұбанов өз сайлау-шыларымен кездестi.

Оған аудан әкімінің орынбасары, жергілікті мәслихат депутаттары, ауыл, елді мекен тұрғындары, салалық бөлімдер мен мекемелер басшылары, ауылдық округтер әкімдері қатысты.

Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз кезегі депутат Әділ Орынбасарұлына берілді. Ол жиналғандарға өткен жыл мен биылғы жылдың төрт айы iшiнде өзiнiң атқарған жұмыстары жөнiнде айтып бердi.

-Депутат болып сайланған Атырау облыстық мәслихатының №26 сайлау округіне Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала округтері мен Томан елді мекен кіреді және Махамбет ауданының Сарайшық, ескі Сарайшық, Бейбарыс, Алмалы, Бақсай, Аққайың елді мекендерін қамтиды.

Жалпы осы жергілікті мекендердегі кездесу жиындарында сіздермен ашық сұхбаттасып, пікір алысып, сіздердің тараптарыңыздан айтылған ұсыныс-пікірлерге барынша мән беріп, өтініштеріңізді орындауға мүдделілік танытып отырамын әр кезде. Тұрғындардың тарапынан берілген өтініштері мен ұсыныс-тілектері негізінде экономикалық-әлеуметтік мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, жергілікті деңгейдегі құзырлы және атқарушы органдар атына хаттар жолдадық.

Атап айтқанда, өткен жыл мен биылғы төрт ай ішінде өкілетті органдарға -5 , құзырлы органдарға-6, атқарушы билік орындарына 20-дан астам хаттар жіберіліп, тағы басқа құрылымдық бөлімдермен, мекемелермен 30-дан астам хат алмасулар болды. Сондай-ақ аудандық, облыстық баспасөз беттерінде өз атымнан 5 мақала, депутаттық жұмысым жөнінде сайлаушылар атынан 2 мақала жарияладым. Облыстық теледидар хабарлары арқылы да дер кезінде өткен шаралар туралы мәліметтер берілген болатын.

Толығырақ газетімізден  оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521