55 келімсек тәртіп бұзыпты

Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны артқан сайын елімізде жұмыс іздеуші шетелдік еңбек мигранттар саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында аудандық сотта шетел азаматтары тарапынан көші-қон саласының заңнамасын бұзған 55 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды. Заңды бұзушылар көбіне Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осыған байланысты уәкілетті орган аталған азаматтарға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған 55 азамат жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның ішінде, 20 азаматқа әкімшілік айыппұл салу, 31 азаматты қамаққа алу және 4 азаматты Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жаза тағайындалды.

Раушан ЖУМИЕВА,

аудандық соттың жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521