Аққыстауда жүк пойызы апатқа ұшырады

Аудан аумағындағы Өркен ауылына өтетін темір жол өткелінде жүк пойызы апатқа ұшырады.

68 вагоннан тұратын мұнай тиелген жүк пойызы "КамАЗ" көлігіне түйіскен. Пойыз апаты 12 қыркүйек күні орын алған. Мұнай тиелген цистерналармен бірге Астраханға қарай бет алған 68 вагоннан тұратын пойыз жүк көлігіне соғылған. Нәтижесінде "КамАЗ" көлігі қатты соққыдан аударылып түскен. Салдарынан көлік жүргізушісі зардап шегіп, жергілікті ауруханаға апарылған. Бүгінде ол Атырау қаласындағы ауруханалардың бірінде. Әзірге оқиғаның себебі нақты анықтала қойған жоқ.

«№2201 жүк пойызы Аққыстау бекетіне жеткізілді. Аталған апат өзге пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ», - делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521