Аққыстауды батпақтан ағаш құтқарады

Өткен аптада аудан әкімінің қаулысымен жарияланған санитарлық тазалық, көгалдандыру екі айлығына байланысты сенбілік жалғасын тапты.

Аталған сенбілікте Аққыстау ауылдық округі бойынша аудан орталығындағы кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар ұжымдары өздеріне бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, сенбілікке 644 адам қатысып, 14 техника жұмылдырылып, қоқыс қалдықтары шығарылған.

- Тазалық айлығының екінші аптасына да барлық мекемелер белсенді қатысты. Аудан орталығындағы қоршаулар сырланып, ауылішілік жолдар жиегі тазаланды. Алдағы аптада «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясына орай тал-теректер отырғыза бастаймыз. Бұл жұмыс та барлық ауылдық округтер бойынша жоспарлы жүргізілетін болады, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Шаяхмет.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521