Қаламгерлер де құрмет көрді

Биылғы Тәуелсіздік күні мерекесі ауданымызда мол марапатымен есте қалатындай.

Ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосып, еңбегімен еленіп жүрген азаматтар әр ауылда да баршылық. Мереке қарсаңында солардың бір бөлегі арнайы марапатқа ұсынылып, «Исатай ауданына – 90 жыл» мерекелік медальдарына ие болды.

Аталған медальмен әріптестеріміз - газетімізге көп жылдардан бері тер төгіп жүрген тәжірибелі мамандар, тілші Жоламан Дәулетияр, фототілші Әбілмажан Шарапиденов және «Атырау» телеарнасының аудан бойынша меншікті тілшісі Ержан Шеруеновтің марапатталғаны ұжым мерейін асырды. Аққыстау ауылдық округінде өткен салтанатты шарада ауыл әкімі Ғаділ Боранбаев ақпарат саласының мамандарын, сондай-ақ басқа да марапат иелерін құттықтап, оларға еңбекте жеміс, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тіледі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521