шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Алтын балта

Қазіргідей ұрпаққа берілер түзу тәрбие өзекті мәселелер ішіндегі өткір тұрғандарының бірінен саналатын кезде отбасындағы бала тәрбиесіне қарап қарның ашатын жағдайлар аз емес. Ұялы телефонға үңіліп немесе компьютерді ермек қылған бүлдіршіндерге қарап отырып, «Апыр-ай, баяғы ертегі айтатын әжелеріміз қайда?» деп налисың. Түрік сериалдарына телмірген бүгінгі әжелеріміздің (әрине, бәрі бірдей емес) бала тәрбиесінде өзіндік орны болатын ертегіні ұмыт қылғандарына ренішімізді қалай жасыралық. Сондықтан бұл жайтқа газет арқылы қозғау салып көруді ойға алған біз «Әжем айтқан ертегі» айдарын ашып, соның аясына түрлі ертегілерді топтастыруды ойға алдық. Әжелеріміз соны бүлдіршіндеріне оқып беріп отырса, құба-құп болар еді дейміз. Сондай-ақ әжелеріміздің өздерінің де осындай тағылымдық дүниелерді редакцияға жолдап тұруларына мүмкіндігі барын қаперге бере кетуді жөн көрдік.

Кедей диірменге барса, байдың балтасын сұрап алады екен. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағыпжатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге «Балтамды алып берші» дейді. Ол қолын диірменге салып, бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден: «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей: «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын сал-ғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші одан: «Мынау ма, сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей: «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолынсалғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден: «Мынау ма, сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей: «Иә, осы менің балтам» дейді. Сонда диірменші «Пейілің таза адам екенсің. Сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады. Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге «Балтамды алып бер» дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан: «Мынау ма, сенің балтаң?» дейді. Сонда бай: «Менің балтам!» дейді. Диірменші оған: «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш балтасын береді.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru