шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Амангелдіде ауыз су қымбат

Орталықтан шалғай жатқан Амангелді елді мекені Забурын ауылдық округіндегі бірден-бір жырақта орналасқан қоныс саналады.

24 шаңырақта 70-ке жуық тұрғыны бар осынау елді мекенге қаңтардың 11-і күні арнайы ат басын тіреген округ әкімі Асылан Ғұбаш 2018 жылы жүргізілген жұмыстарының қорытындысы, алдағы міндеттер жайында өз есебін берген жиын өткізді.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Әлия Рахметова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Арғын Шегенұлы, Исатай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Нұржан Ағманов, ветеринариялық фельдшер Бекболат Махисов, әлеуметтік қызметкер Бақтылы Мұханбетжанова да қатысқан жиында сөз алғандар өздері өзекті деген жайттарға тоқталды.

Зейнеткер Хамидолла Нұрсапин автокөлікпен тасымалданатын су бағасының қымбаттығын, ауызсу желісі тезірек жетуін күтетіндерін жеткізді. Тағы бір ауыл тұрғыны Жәнібек Қапылов болса, ауыра қалғанда дәрі-дәрмек алатын бір орын, аудан орталығына бармай-ақ, жақын жерден табылса деген тілегін ортаға салды. Ал, тұрғын Мизамғали Камаловты елді мекенге табиғи газ жеткізілсе деген ой мазалайды екен. Тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне орай ауыл басшысы түсініктер берген жиын өткен жылғы жұмысты қанағаттанарлық деп бағалап, айтылған жайттарды арнайы іс-шараларға кірістіріп, олардың орындалуы жөнінде келесі жиын барысында хабардар етуді ауыл әкіміне тапсырған қаулы қабылдады.

Жоламан Дәулетияр

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru