Қамысқалада жаңа көпір бар

Тәуелсіздік күніндегі тағы бір жағымды жаңалық, Х.Ерғалиев ауылында ұзындығы 55 метр болатын жаңа жаяу жүргіншілер көпірі пайдаланылуға берілді.

Ауыл халқы «Зауыт басы» деп атап кеткен ауыл бөлігінде Иманғали Жұбанов атындағы бір көше бар. Онда қырық отбасы түтін түтетіп отыр. Бұдан бұрын да соғыс ардагері Хамит Балмолдин атымен (бұрынғы Ембі) аталған көше тұрғындары жиын сайын мәселе етіп, қозғап жүрген түйткілдің бірі каналдан әрі орталыққа қатынаудағы қиындықтар еді. Ендігі жерде толықтай шешімін тапқан бұл жаяу жүргіншілер көпірі ауыл тұрғындарына үшін біткен бір іс болды. Бұрынғы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы салып берген көпірге қосымша салынған бұл көпір күннен қуат алатын көше шамдарымен де жарықтандырылған.

-Жазда ештеңе емес, өзге мезгілдерде тап осы жерде балшықтан аяқ алып жүруге мүмкіндік болмайды, - дейді Иманғали Жұбанов көшесінің тұрғыны, зейнеткер Нәсіпқали Оңайбаев. - Үлкен кісілер бірдеңе етер, мектепке қатынайтын балаларға өте қиын еді. Келеңсіз жағдайлар да ертеректе осы жерде көптеп орын алған болатын. Міне, бүгін бар тұрғындар болып осы жерге жиналып, өткенді артқа тастап, мереке қарсаңында көптен күткен қуаныштың куәсі болудамыз. Ел игілігі үшін жасалып жатқан шараларға қолдау көрсетіп отырған ауыл әкіміне де алғысымыз мол, - дейді ардагер. Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тажиденованың айтуынша, аталған нысанды «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген 1 млн. 288 мың теңге қаржыға «Сәулет-Инжиниринг компании» ЖШС мекемесі белгіленген уақытта салып бітірген екен.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521