Қамысқалалықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай Хамит Ерғалиев ауылында мерекелік салтанатты жиын өтті.

Шараны Новобогат ауылдық мəдениет үйінің əншілері Талғат Сатыбаев пен Ілияс Дүйсекешов Елбасының "Үш қоңыр" əнімен ашты.

- Егемендіктің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, діліміз, дініміз қайта оралып, мемлекеттік рəміздеріміз қабылданды. Ел игілігі үшінші біраз істер атқарылуда. Елбасымыз елімізді дамыту жолында тың қадамдардың бастамашысы болып келеді. Елбасымыз Тəуелсіз Қазақстанды бұдан да биік, жаңа белестерге жетелей беретіні сенімдіміз,- деп жиналған ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтаған ауылдық округтің бас маманы Серік Омашев бірқатар азаматтарды ауыл əкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Атап айтсақ, əлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін округтің əлеуметтік қызметкері Гүлмира Ищанованы, бала тəрбиесіндегі көп жылғы еңбегі мен тəлім-тəрбиесі үшін "Аққу" бөбекжай-балабақшасының қызметкері Жаңылсын Мұқашеваны, ұлттық қолөнерді насихаттап, ауылдық шараларда белсенділік танытқаны үшін Гүлзира Хайруллинаны жəне бейбіт күнде ерлік жасап, абайсызда суға батып бара жатқан кішкентай бүлдіршінді қатерден құтқарып, дер кезінде алғашқы көмек көрсеткендері үшін ауыл жастары Дəурен Нұроллаұлы мен Эленора Жеңісбекқызын ел алдында мадақтап, сый-сияпаттар тарту етті. "Көркем" жəне "Балғын бишілер" би топтарымен бірге ауыл "Ауылым " əнімен Жəнібек Жөкеев, "Елбасы " əнімен Гүлайнаш Қапаева, "Туған жер" əнімен Толқын Нығметова мен Айзере Сағидолла, "Қазақстаным" əнімен Ерғанат Жаңабайұлы сахнада өнер көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді.

Шара соңында Новобогат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айгүл Ахатова көпке "Елбасы - елдің тірегі" тақырыбында дайындаған кітап көрмесін ұсынып, онда Ұлт Көшбасшысының өмір жолы жөнінде қызықты деректермен таныс қылды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521