Атыраулықтар гуманитарлық көмек жинап жатыр

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Роллан Құспанның айтуынша, дүйсенбі, 12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау үшін жастар ресурстық орталығы базасында штаб құрылды.

«Бұл бастаманы барлық жастар ұйымдары қызу қолдады. Гуманитарлық көмек 19 наурызға дейін жиналады. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына жөнелтеміз. Біздің еріктілеріміз де су тасқыны болған жерлерге барып, қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге ниетті» дейді Роллан Құспан.

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинап жатыр.

Мемлекеттік қызметшілердің бір күндік еңбекақылары арнайы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің есепшоттарына аударылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521