шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ауылға алғаш болып жарық берген

Бір шеті кәрі Каспий теңізімен, ал, бір жағы қасиетті де киелі, тарихи Нарын құмымен шектесетін бұл аумақ топ етіп өндірісті, мұнайлы өңір болып аспаннан түсе қалған жоқ. Бұл мекенде сонау елуінші жылдардан бастап Кеңес өкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы арнайы саясатына сай егін шаруашылығы да қолға алынып, бір кездері гүлденді де. Бірінші кезекте ол жұмыстар соғыстан кейінгі экономиканы көтеру, аш-жалаңаш халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және қолдағы төрт түлікке мал азығын дайындау бойынша жүргізілгені рас.

Осы жұмыстардың бел ортасында бір кісідей еңбек етіп, жер тырмалап, егін салып, партия қайда жұмсаса сонда барып, уақытпен санаспай, шиеттей бала-шағаны жаратқанға аманаттап, күні-түні, қысы-жазы тынбай еңбек майданында шыңдалып, өзінің еңбек кітапшасындағы 40 жыл 6 ай қызмет өтіліне бір күн де үзіліс түсірмеген нағыз еңбек адамы - Қабиев Қисап Қабиұлы болатын.

1936 жылы Жамбыл ауылдық кеңесіне қарасты 8 март колхозында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіп, балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген ол сол кездерді еске ала отырып, бала болып еркін ойнай алмағанын, 7-8 жасында-ақ анасы Райханмен бірге тылда колхоздың сиырын бағып, атпен пішен тартқанын, еңбек қолы жетпей жетпей жатқан жерлерде үлкендермен қатар әрқилы жұмыстарды атқарғанын, тіпті Гурьев-Астрахан теміржолын салуға атсалысқанын күрсіне есіне алады бүгінде...

Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru