шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

«Берсең, балаға бер, айтып жүрер»

Балалар күніне орай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шара аудандық саз мектебінің домбырашылар ансамблінің орындауындағы Н.Тілендиевтің «Әлқисса», Домбырашылар ансамблінің «Талас» күйлерімен басталды. Одан кейін облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Алуа Сыралиева құттықтау тілегін арнап, 9 жасар Мейрамбек Қуанғалиға демеушілік көмегін ұсынды. Соныдай-ақ аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері мен бірнеше мекеме ұжымдары, аудандық жастар ресурстық орталығы 14 балаға қаржылай көмектері мен сыйлықтарын табыс етті. Балалар бір-бірімен жақын араласып, еркін отыруға мүмкіндік жасау үшін №4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің психологі Динара Қуантаева психологиялық тренинг өткізді. «Берсең, балаға бер» демекші, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұжымының да тосын сыйы мерекелік шараның ажарын аша түсті. «Армандар орындалады» тәтті тортының бетіндегі шырақтарды жарыса үрген балалардың қуанышында шек болмады. Ата-аналар шараны ұйымдастырушыларға шын ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ шара кезінде қатыса алмайтын мүмкіндігі шектеулі балалар да назардан тыс қалмады. Аудандық мәслихат депутаттары Ақтолқын Ахметжанова, Серікқали Әубекеров және ардагер ұстаз Балғаным Қайырлиева бастаған Тұщықұдық ауылдық округінің әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері сол күні мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып, хал-жағдайын сұрап біліп, құттықтап, ала барған мерекелік сыйлықтарымен қуантты.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru