шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Дерек пен дәйек

2009 жыл Елді мекендерді газдандыру бағдарламасына сәйкес Жанбай селосы табиғи газ желісіне қосылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің 11 жобасы қорғалып, ол жобалар үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы арқылы 25 млн. теңге несие берілді.

Жеңістің 65 жылдығы құрметіне облыстық бюджетен бөлінген қаржыға екі соғыс ардагері мен бір майдангер жесіріне пәтер сатып алынып берілді.

Белгілі журналист Шапхат Хұсыновты еске алу кеші өтіп, ұлы Дархан Хұсыновтың «Шындықтың шынарындай болған әкем» атты кітабының тұсауы кесілді.

Тұщықұдық ауылындағы Аққыстау халық театры мен Бермағанбетовтер отбасылық ансамблі халықтық өнер ұжымы атағын иеленіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед қол қойған куәлік алды.

2010 жыл

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы шеңберінде ауданға 25 маман (22 мұғалім, 3 дәрігер) келді.

Облыстық мәслихаттың 3 желтоқсандағы №385-ІV шешімімен жерлесіміз Ғатих Маштаховқа Атырау облысының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ол – исатайлықтар арасынан осы атақты алғаш иеленген тұлға.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған қала, аудан мәдениет күндерінің облыстық «Атырау – алтын бесігім» фестивалінде Исатай ауданы бірінші орынды иеленді.

«Қазақстан-Атырау» телеарнасының Исатай ауданындағы тілшілер қосыны ашылып, іске кірісті. Аудан орталығында «ҚазМұнайГаз» Барлау.Өндіру» АҚ-ның демеушілігімен салынған денешынықтыру-спорт кешені халық игілігіне берілді.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru