шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Еңбек – ширатады, өмір – үйретеді

Еңбек – адам өмірінің негізі.Қазір адамдар өмір сүру үшін еңбек етеді.Онсыз тіршілік ету мүмкін емес.

Яғни, бүгінгі таңда еңбек маңызды фактор болып саналады. Еңбек етсең, ширайсың, шынығасың, өмір көресің.

Қазақ халқы әу бастан еңбек етуді тіршіліктің көзі, тұтқасы, бүкіл тәрбиенің басы деп санаған. Еңбек арқылы балаларды елжандылыққа, бірлікке, іскерлікке баулыған. Осылайша, әр отбасы балаларына еңбектің пайдалы жақтарын үнемі айтып отырған. Оны, көбінесе, мақал-мәтел, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асырған. Оған «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек түбі – береке» деген мақал-мәтелдер дәлел бола алады. Бұдан біз ата-бабаларымыздың тәрбиенің көзі еңбекте жатқанын білгенін ұғамыз.

Сол себепті, ұлдарды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, кәсіп табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй-іші жұмыстарына үйреткен. Табысқа еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу пайда табудан үлкен өнер екенін түсіндірген. Осыған орай халқымыздың «Артық олжа-басқа еңбек», «Оңай олжа – тұрмас қолға», «Шығын шықпай – кіріс кірмейді» деген мақалдары да бекерден-бекер айтылмаса керек.

Қорыта айтсақ, отбасында жақсы тәрбие берудің негізгі мән-маңызы – баланы жасынан еңбек етуге, үнемшілдікті үйренуге, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақыл-парасаттылыққа, қаражатқа деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға және олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу деген сөзді білдірсе керект-ті. Ендеше, бүгінгі ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеу баршамыздың парызымыз екендігі хақ.

Аяпберген Салихов

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru