Екі айда не өзгерді?

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Исатай ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуының нақты көрсеткіштері

 Өндіріс

Ауданымыздағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 95,5% құрады. Өткен уақыт ішінде 182,1 мың тонна мұнай өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі аудан бойынша 27,5 млрд. теңгені құрады.

 Ауыл шаруашылығы

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында ет, сүт өндіруде және мал басы санында алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, өсуі байқалады. 2018 жылдың 1 наурызымен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 3,3%, қой-ешкі 0,1%, жылқы 6,2% және түйе 5,9% өсті. Ауданның барлық шаруашылық санаттары бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ет өндіру 1,3% және сүт 0,9% артты.

 Негізгі капиталға салынған инвестиция

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1573 млн. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі 85 млн. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 3812 шаршы метр, оның ішінде халық қаражаты есебінен 3812 шаршы метрді құрады. Сауда 2018 жылдың қаңтар-ақпанға бөлшек сауда көлемі 202,0 млн. теңгені құрады.

 Еңбек нарығы

2018 жылдың басынан (жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметі бойынша) 2018 жылдың 1 наурызына дейінгі 672 адамды құрады. Одан 248 адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 149 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 79 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 4 адам әлеуметтік жұмысқа және 16 адам жастар тәжірибесімен жұмысқа тартылды. 5 адам кәсіби мамандық алу үшін оқуға жіберілді.

Кенжебай Абдуллин, аудандық статистика басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521