Ел сенімін ақтау – ең басты борышымыз

Қазақстан әлемге егеменді ел ретінде Көк байрағымен танылып, алып ғаламшардан ойып тұрып өз орнын тапты. Егемендік жолында ата-бабаларымыз талай сұм соғыстың салқынын, аштықтың азабын бастан кешірді.

Сондықтан, қазақ елі, қазақ тілі, қазақ жері деген ұғымдар ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен баға жетпес байлығы. Осы елде өмір сүріп жатқан әрбір азамат құқығының қорғалуы үшін біріміз Ата заңымызды «бес саусағымыздай» білуіміз керек. Сіздерге баспаның алдыңғы нөмірлерінде жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының жалғасын ұсынамыз.

68-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары әскери қызметшілерден (шақыру бойынша келген әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша келген әскери қызметшілер) және қызметкерлерден тұрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының және халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердің оқу орындарында жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі мерзімді әскери қызметке басым тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті дене бітімі мен моральдық-психологиялық қасиеттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне іріктеу, оларды зерделеу және әскерге шақыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен айқындалады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің қызметтік іс-әрекетіне араласуға, Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің құқығы жоқ. Шекаралық нарядтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету, сондай-ақ шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау бойынша қызмет атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің әскери қызметшісі атқаратын лауазымына, орналасу орны мен уақытына қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оған азаматтар шекара қауіпсіздігіне қатер төндіретін оқиғалар туралы мәлімдемемен немесе хабарламамен жүгінген жағдайда немесе ол осындай оқиғаларды тікелей анықтаған жағдайда:

1) құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған азаматтарды анықтау және ұстау, оқиға болған орындарды күзету жөніндегі ықтимал шараларды қолдануға;

2) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесіне хабарлауға міндетті.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

12-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСУЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ 76-бап. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуы

1. Шекаралық кеңістік шегінде азаматтар ерікті жасақтар құрамында және өзге де нысандарда ерікті негізде Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады.

2. Азаматтарды ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға тарту тәртібін, осындай тартудың нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының құрметтелуі және сақталуы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

4. Мыналар:

1) қылмыстық жауаптылыққа тарту;

2) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі жән еодан да көп) қасақана әкімшілік құқықбұзушылықтар жасау;

3) шекаралық кеңістіктің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кету;

4) оның Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психиканың бұзылуының анықталуы, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уыт құмарлықпен, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп туғызатын өзге де сырқатпен ауыру, азаматтың қайтыс болуы);

5) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысқысы келмеуі Қазақстан Республикасы азаматының ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар болып табылады.

77-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар):

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерін шекаралық кеңістікте дайындалып жатқан не жасалған құқықбұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы дереу хабардар етуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтардың талап етуі бойынша өздерінің Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу заңдылығын растайтын куәліктерді көрсетуге;

3) құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ұсталған азаматтарға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негіздерін оларға түсіндіруге;

4) Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша іс-шараларға қатысаралдында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелерінде құқықтық дайындықтан өтуге міндетті.

2. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың:

1) Мемлекеттік шекараны қорғаудың бақылау және қадағалау функцияларымен байланысты емес іс-шараларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жәрдем көрсетуге;

2) шекаралық кеңістікте құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;

3) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер көрсетілген мақсаттарға өзге тәсілдер мен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда шекаралық кеңістікте құқықбұзушылықты жасаған адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелеріне, құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті органдарға жеткізуге;

5) Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп шекаралық кеңістікте құқықбұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізуге;

6) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдердің сақталуын талап етуге құқығы бар. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың заңды талаптары орындау үшін міндетті.

3. Мемлекеттік шекараны қорғауда жәрдем көрсетуіне байланысты Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдар мен олардың отбасы мүшелерiне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдардың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

79-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер жәнеазаматтығы жоқадамдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, Мемлекеттік шекараны қорғаусаласындағы өзге де уәкілетті органдардан өздерінің құқықтары мен бостандықтарының шектелу себебі жөнінде түсіндірмелер алуға құқығы бар.

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың заңды құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда,тиісті лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы құқықтарды қалпына келтіруге және оларға келтірілген залалды өтеуге міндетті. Қазіргі таңда мемлекетіміздегі ең маңызды мәселенің бірі елдің бірлігі, татулығы, тыныштығы екені бәрімізге мәлім. Сондықтан халқымыздың тыныштығы мен татулығы және бірлігі үшін шығарылған Заңның тиімді жүзеге асып, оның жақсы нәтижесін көретін уақыт жетті.

Бағылан ТАСТАНБЕКОВ, Мемлекеттік шекара күзету бөлімшесінің аға офицері капитан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521