шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Елу жасында студент атанған кәсіпкер

Нұрия Қуанышбекова көп жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Өзінің еңбек жолын №15 аудандық орталық дәріханада есепші болып бастаған ол осы салада 1980 жылдан бері жұмыс жасап, кәнігі маман болып қалыптасты.

- Кеңес одағының күркіреп тұрған кезінен бастап аудандық дәрі-дәрмекпен қамту мекемесінде үздіксіз қызмет етіп келген жергілікті 20 шақты қыз-келіншектер алып империя ыдырап, нарықтық экономика орнаған тұста қызметсіз қалдық, - деп еске алады өзі өткен күндерді. - 1998 жылы мекемеміздің соңғы дәрісін халыққа таратып болғаннан кейін біз қызмет еткен мекеме тарады да, қызметтестер бірігіп ұжымдық дәріхана аштық. Ол кезде жекеге жұмыс жасауды білмейтін, бизнес деген түсініктен алыстау кезіміз болған соң алғашқыда абдырап, не істеп не қойғанымызды білмей жүрдік. 2000 жылдардың бас кезінен бастап отандық экономика қалыпқа келіп, ел ішінде кәсіпкер азаматтар көбейіп, мемлекет те жеке кәсіп жасаушыларға бағыт-бағдар бере бастаған тұста біртіндеп есімізді жиып, ұжымдық дәріханадан өз еншілерін алып, кезіндегі қызметтес серіктеріміз өз алдарына бөлініп шыға бастады. Мен де өзімнің өмірлік бағдарым дәрі-дәрмек болған соң өзге салаға ойысқым келмей, 2007-2010 жылдары жасым келіп қалғанына қарамастан балаларымызбен қатар өрімдей жастармен бірге студент атанып, Атырау медициналық колледжінің «фармацевтика» бөлімінде күндізгі топта көз майымды тауысып білім алып, екінші дипломыма ие болдым. Сөйтіп, есеп-қисаптан химия-биология саласына ойысып, 2011 жылы өзімнің жеке дәріханамды аштым, - дейді.

 Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru