шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Исатай ауданында 13 түлек «Алтын белгіге» үміткер

25 мамыр күні Абай атындағы орта мектепте «Сен де бір кірпіш, дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы Шолпан Хамзина және мектеп директоры Гүлайна Құрманғалиева ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектерді, ата-аналар мен оқушылар қауымын мерекемен құттықтап, білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Жетістіктерімен қуантып жүрген бірқатар ұстаздар мен ата-аналарға, сондай-ақ үздік оқушыларға әртүрлі деңгейдегі марапаттар табыстады.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 281 оқушы мектеп бітіріп отыр, оның 220-сының (яғни, 78,2 пайызы) Ұлттық тестілеу орталығының базасына ҰБТ тапсыруға өтініштері қабылданған. Ал, ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 20 маусымы 5 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, аудан бойынша «Алтын белгіге» - 13, «Үздік аттестатқа» - 5 оқушы үміткер.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru