шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Ізгілікке жетелеген қойылым

Жақында аудандық «Жалын» мәдениет үйіне жиналған көпшілік Атырау облыстық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Жас интеллектуал» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен режиссер М.Хасеновтың «Үйлену оңай» атты комедиялық қойылымын тамашалады.

 

Аталмыш туындыны талантты да өнерлі 15-29 жас аралығындағы жастардан құралған «Атырау жастары» театры қойды. Өмірдің сан салалы құбылыстарын көрсете білген спектакль көрерменге бірде күлкі сыйласа, енді бірде көзіне жас үйірді, ал кейбір жеріне келгенде шаттанып риза болысты. Мәселен, жас болу, үйлену, отбасын құру жасында болатын қызғаныш, сүйіспеншілік, өкпе-реніш секілді кезеңдерді басынан өткізген жас жұбайлардың өмірін әдемі де мазмұнды көрсете білген театр ұжымының шеберлігіне жиылған жас-кәрі түгел дерлік риза болып, алғыс білдірді. Қойылым соңында театр ұжымына аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Гаухар Талғатқызы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Әйгерім БОЛАТҚАЛИ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru