шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Көрісу дәстүрі жалғасып жатыр

Еліміздің батыс жұртында ғана сақталып, бүгінде күллі Қазақстанға үлгі болып отырған көрісу дәстүрі наурыздың 14-інен бастап келесі жылдың осы кезеңіне дейін жалғаса беретін мереке. Сондықтан жұмыс барысымен, тауқымет талабымен үлкен кісілерге уақытында барып көрісе алмағандар кез келген уақытта құрмет көрсете береді.

Осы дәстүрлі тәмсіл қылған аудан басшылары демалыс күндерінде де аумақтың кеудесі қазына ақсақалдарына көрісуді дәстүрге айналдырып келеді. Аудан әкімі Марат Мурзиев бастаған топ аудан орталығында тұратын Сұлухан Сарықызы, Сыдих Әмірұлы және тұщықұдықтық Мардан Жұбановтай үлкен кәсілеріне құрмет білдірсе, аудан әкімі жанындағы әйелдер ісі және гендерлік саясат жөніндегі аудандық комиссия аудандық ардагерлер одағымен бірлесе отырып жанбайлық қажы Жұпар Саламатқызы мен еңбек ардагері Бәтима Сәрсенғалиқызының шаңырағында болып, құрмет білдірді.

Аталғандай, бұл дәстүр үзілмей алдағы уақытта да жалғаса беретін болады. Келесі кезекте Забурын, Исатай ауылдарының ақсақалдары бар. Тек құрмет пен мейір ортаймасын!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru