шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Кәсіп бастайтындар үшін жиын өтті

12-қыркүйек күні аудан әкімі Марат Мурзиев пен Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Абдолла Идресовтың қатысуымен ауданда келелі жиын өтті.

Бұған дейін де осы жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында қаржы институттарының қатысуымен бірнеше жиын өткен болатын. Аталған жиынға сала басшылары, аудан кәсіпкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, «Бастау Бизнес» курсын бітіргендер мен оқуға енді үмітті біраз аудан тұрғындары қатысты Жиында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға арналған «Бастау Бизнес» курсының аудандағы орындалысы және мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсініктер берілді.

Айта кетсек, биыл «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 8 адам - 30,9 миллион несие алған болса, «Исатай» несие серіктестігінен – 4 адам 15,2 миллион барлығы 12 адам 46,1 миллион теңге несие алған. Сондай-ақ, 1 адам 1,5 миллион теңге мемлекеттік грант ұтып алып, тағы 1 адам 2,0 миллион теңгеге өз қаржысына бизнесін ашқаны белгілі.

А.ҚҰСАЙЫНОВА.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru