шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Күзетші көмек сұрады

Өткен бейсенбіде аудан әкімі М.Мурзиев жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады. Оған әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

Алғашқы болып кіріп, жеке мәселесін көтерген Жанбай ауылының тұрғыны 2-топ мүгедегі М.Қуанышқалиев денсаулығына байланысты жұмыс сұрап келгенін айтты. Отбасында жұбайы ғана Жанбай саз мектебінде күзетші боп қызмет ететін олар күнкөрістің ауыр екендігін, қымбатшылық жайлаған заманда 4 баласын асыраудың қиынға соғып отырғандығын қинала жеткізді.

Мамандығы тәрбиеші бола тұра күзетші болып қызмет атқаратын, ал өзінің мамандығы дәнекерлеуші болып табылатын М.Қуанышқалиев пен Д.Қисамеденованың арызын мұқият тыңдаған аудан әкімі аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Қ.Сариевке, ауылдық округ әкімі Д.Есмұхановқа, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Бекішұлына ерлі-зайыптылар үшін мүмкіндігіне қарай мамандықтары бойынша жұмыс орнын қарастыруды жүктеді.

Ал, Аққыстау ауылының тұрғыны Қ.Губайдуллин Абай атындағы орта мектепте 11-сынып оқитын қызы А.Ғайнеденованың оқу үлгерімінің 2017-2018 оқу жылдары төмендеп кеткенін айта келіп, осыған дейін барлық пәндерден озат оқып келгенін алға тартты. Оның айтуынша, бұған пән мұғалімдері мен мектеп басшылығы кінәлі екен. Яғни, оқушының әлеуеттік мүмкіндігін тиісінше бағаламай, оқушы үздік аттестат алу мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отырған көрінеді. Аудан әкімі аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Бекішұлына арнайы комиссия құрып, мәселені анықтауды тапсырды.

 

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Суреттерді түсірген Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru