Әкімдіктегі жылы қабылдау еркін форматта өткізілді

Шығу тарихы өткен ғасырдың 1909 жылынан бастау алған халықаралық әйелдер мерекесі жыл сайын өз деңгейінде тойланып келе жатыр. 

Соғай орай жылдағы дәстүрге сай қоғамда белсенділік танытқан кәіпкерлер, мекеме басшылары, ел дамуына еңбегі сіңген және ұзақ жылдар ұрпақ тәрбиесіне бір кісідей атсалысқан әйелдер қауымын үстел басына жинап, марапаттау рәсімі өткізіледі.

Биыл да дәстүрлі кездесу аудандық әкімдік ғимаратында ұйымдастырылып, өз дережесінде ұйымдастырылды. Кешті еркін, қызметтік алашапқыннан ада, мерекелік көңіл-күйде өткізуді құп көрген әкімі Марат Мурзиев аналардың толғандырған мәселелерін тыңдап, ішкі сырларымен бөлісті. Жалпы кеш және қоғам, заман туралы, жас отасылардағы бала тәрбиесі, келін мен ене қатынасы, қыз балалардың жағдайы, зейнеткерлердің ахуалы тақырыптарында өрбіді.

Шара соңында сөз алған ауданның байырғы тұрғыны, Тұшықұдық ауылының әкімі Мәди Өтеғалиев:

– Биыл өткізілетін барлық мерекелік шаралар Исатай ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені 90 жыл деген бұл ғасырға пара-пар зор мерейтой. Бұл күнді көрген де бар, көрмеген де бар. Сондықтан әр мейрам өз алдына қайсібір нәрсеніұлықтағаннан гөрі, ортақ бір мүдде,бір мейрам, бір идея, яғни ауданның 90 жылдығы мерейтойы шеңберінде үн қосықанымыз дұрыс, - деді.

Шара соңында барлық шақырылған аналар мен қоғам белсенділері әйел азаматшаларға сый-сияпаттар табыс етілді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521