Үлесімді қосуға әзірмін

"Келесі жылды Жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Біз жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек" деп былтыр Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында айтқан болатын.

Міне, сол Жастар жылы да келіп жетті. Қазақ Ұлттық Университетінің жалынды жастарымен бірге Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Елбасымыздың тікелей эфирде жастармен болған кездесуін тамашаладық. Жастарға арналған жылдың ерекше ашылу сәтінде біраз тағылымды ойларын ортаға салған Елбасымыз жастарға деген сенімін тілге тиек етіп, оларға ақыл-кеңесін де айтты. Біздің иығымызда үлкен жауапкершілік жүгі бар. Өйткені, Елбасымыз жастарға үнемі үміт артылып отырғанын айтып келеді.

"Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!" - деп Мағжан атамыз айтқандай, осы жылда бізге артылған үміттің ақталуына өз үлесімді қосып, еліміздің өркендеуі жолында қолдан келгеннің бәрін жасауға әзірмін. Жастар жылында жалындайық!

Бейбарыс ЖИЕНҒАЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521