шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

"Үлгілі еңбек үшін үлкен рахмет"

Мереке қарсаңында «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы қойнауы құтқа толы қазыналы аймағымыздың «қара алтын» байлығын ел игілігіне жарату жолында ұзақ жылдар аянбай еңбек етіп, өмірлік бай тәжірибесімен күш-жігер, қабілетін басқарманың өсіп-өркендеуіне арнаған, адал еңбектерінің арқасында өндірістің ілгері дамуына өзіндік үлес қосқан басқарманың қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің маманы Жайнарбек Бержановты, мұнай дайындау және айдау цехының технологы Қаділжан Сағынаевты, өндірістік нысандарды жай жөндеу участогінің басшысы Қожантай Сдиховты құрметтеп, зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Жиналыста басқарма басшысы Мәлік Жүнісов пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Самат Қабделов құттықтау сөз сөйлеп,ұзақ жылғы еңбектері үшін рақметтерін айта келіп, басқарма әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінің, «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерді оқыту бөлімінің басшысы Райхан Сарбасова мен «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің басшысы Санат Нұрғалиев Ж.Бержановқа «Ембімұнайгаз» АҚ басқармасы төрағасы А.Жақсыбековтың Алғыс хатын, цех басшысы Талғат Қизатов пен цехтың кәсіподақ ұйымының жетекшісі Файзолла Әмірғалиев, басқарманың қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу бөлімінің басшысы Сара Байдуллаева жоғарыда есімдері аталған үш зейнеткерге және сондай-ақ күні кеше ғана кәсіби мерекесін атап өткен аудандық «Нарын таңы» газетінің ұжымына Алғыс хаттар мен заттай сыйлықтарын табыс етті.

Бұл үш азамат та бір кездері аудандық газетте қаламгерлік қырынан да көрінген жандар. Мысалы, Жайнарбек аға 1977-1988 жылдары аудандық «Нарын таңы» газетінде еңбек етіп, қатардағы әдеби қызметкерден бас редактордың орынбасарына дейін көтерілген қарымды қаламгер, бірнеше кітаптардың авторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі болса, Қаділжан аға жауапты хатшы, Қожантай аға оқырман жүрегінен жол тапқан белсенді штаттан тыс тілшілердің бірі болды.Соңында зейнеткер ағалар сөз сөйлеп, осындай игі іс-шаралар ұйымдастырғаны үшін басқарма әкімшілігі мен кәсіподақ комитетіне және ұжымдастарына алғыстарын айтты. Жиналыста бас редактор А.Мұратұлы да сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Аяпберген САЛИХОВ

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru