Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Мереке күні Забурын ауылдық клубында алтын және күміс алқалы аналардың, инабатты келіндердің қатысуымен «Аналар - асыл жандар,шуақ боп шашылғандар» атты кең форматты мəдени шара ұйымдастырылды.

Шараны Забурын ауылдық округінің бас маманы Әлия Мардашқызы құттықтау сөзімен ашып, аудан əкімнің Алғыс хатымен Назгүл Қабделқызын, ауыл əкімінің Алғыс хатымен Майра Құрасованы, Қарлығаш Махимованы, Қадиша Құсайынованы марапаттады.

Мәдени кешке арнайы шақырылған Жамиған əже Гүлдана келінімен, Роза əже Гүлсара келінімен,Айғаным əже Бұлбұл келінімен,Жаннат əже Құралай келінімен қатысып, отбасыларын таныстырып, ұршық иіру, орамал тағу, мақалды жалғастыру, ұлттық тағам дайындау сынды бөлімдер бойынша өз білгендерін жиналған қауымға паш етті.

Мұндай тағылымды кешті ұйымдастыра отырып, өскелең ұрпаққа отбасы құндылығын, рухани тəрбиені, ұлттық сананы дəріптеудегі мақсатына жеткен ауылдық клуб пен оның меңгерушісі Алмаз Нұрпейісқызы қатысушыларға алғыс білдіріп, сый-сыяпаттарын табыс етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521