Қоғамдық бақылау қолға алынды

Жақында «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов, жобалық кеңсенің қызметкерлері, АМТ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді шешу арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін дамыту, азаматтар мен бизнеске қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтық пен жариялылығын және масштабты қоғамдық бақылау орнату болып табылады.

Отырысты Департамент басшысы Т.Жұмағұлов ашып, жобаның Агенттік төрағасы және облыс әкімімен бекітілген жарғының негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті. Жоба 3 басымды блоктан тұрады. Олар: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жобалық кеңсенің негізгі жұмысы жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға бағытталатын болады.

Сонымен қатар, жобалық кеңсенің негізгі қағидалары, бағыттары және механизмдері туралы жобалық кеңсенің басшысы С.Қадыров және Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ж.Қаражанов ақпараттандырды.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521