шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Қоқысты уақытымен алыңыз, әйтпесе, жәшіктің керегі не?

Аққыстау ауылының АТП, сельхозтехника мөлтек аудандарына қоқыс төгетін жәшіктер орнатылып, тұрмыстық қалдықтарды қайда төгерлерін білмей жүрген ауыл тұрғындары разы болды.

Олар өздерін қала тұрғындарынша сезініп, небір-небір қоқыстарын шығарып, еттері үйрене келе (ұят та болса айтайын) зәрлеріне дейін төгіп, қоқыс жәшікті аузы-мұрнынан шығарып, бүкіл ит-мысықтар, мал-жануарлар рақатқа бөленді. Көшемдегі мал ұстайтын көршілерім қуанып жүр. Неге дейсіздер ме? Өйткені, олардың қолға ұстап отырған малдары жайыламын деп ұзаққа кетпейтін болды. Жақын жердегі қоқыс толы жәшіктерді аралап, қарыны жарылардай тояттап келетін сиырлары кешке бұзауларын тойдырып, одан қалды сүтін сауғызып, иесін қуантуда. «Естімеген елде көп» деген, осылайша қоқыс жинаудың тың тәсілін ойлап тауып, жаңалық ашудамыз.

Осы «жаңалық» ашылғаннан бері көшеміздегі қоқыс алынбайтын болды. Оны тазалап кететін ауыл малдары көрінбейді қазір. Өйткені, қыс мезгілі болғасын, қораларында қамаулы. Ал, қоқыс жәшігі толғанның үстіне толып, целофан дорбалар мен лас қағаздар желмен көшеге ұшып, аула-қораларымызға кіріп жатыр. Бұған жауапты адамдардың көздері көрмей ме? Әлде Жаңа жыл мерекесі әлі аяқталмады ма?

Руслан АМИРОВ,

Аққыстау ауылы.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru