шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

"Қолтаңба" шеберханасы Исатайда

Біздің облысымызда он жеті жылдан бері "Мүгедек əлемі" үкіметтік емес ұйымы жұмыс жасап келеді.

Аталған ұйым "Теңізшевройл" компаниясының қолдауымен соңғы екі жылда "Қолтаңба" шеберханасы əлеуметтік жобасымен ауыл, аудандарда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға заманауи технологияларды пайдаланып, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасап үйретуде. Атырау облысы өңіріндегі мүгедек жандардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында оларға жүйелі түрде практикалық сабақтар ұйымдастырып, еңбекке араласуына мүмкіндік жасау - жобаның басты мақсаты. Ұйымның төрайымы Гүлбаршын Нұржігітова мен шебер Гаухар Тұрарбекқызы кеше ауданымызға келді. Бұған дейін олар Мақат жəне Махамбет аудандарында жұмыс сапарымен болған. Енді он күн бойы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар Г.Тұрарбекқызының алдында шеберліктерін шыңдап, үй тұмар, үстелге арналған раннер, ілуге панно, сəнді түйреуіш, фетр материалынан ұлттық нақыштағы сандықша, қоржын, сөмке, əмияндармен қатар, гобелен тоқудың да қыр-сыры тегін үйренетін болады.

Статистикаға сүйенсек, ауданда 733 мүмкіндігі шектеулі адам бар, оның ішінде бала жастан мүгедектер саны-125 те 240-ы еңбекке жарамды жандар. Бүгінгі шеберлік сыныбында біздің көргеніміз 12-13 адам ғана.

Аудандық жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеу жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер жəне ардагерлермен жұмыс жөніндегі бас маманы Альфия Сайпеденованың айтуынша, аудан орталығынан бірнеше адам қатыстыруға мəжбүр, өйткені, округтерден мүмкіндігі шектеулі жандардың аудан орталығына қатынау қиындығы айтпаса да түсінікті жайт. Əр округке барып өткізсе ыңғайлы болар ма еді...

Маруся Баймен, шеберлік сыныбына қатысушының анасы:

- Менің қызым Анар кішкентайынан қай іске де бейім. Ұстаз алдын көрмесе де іс тігеді, сурет салады, қолөнермен де айналысады. Перзентім ғой, осындай шаралар бола қалса, қалдырмауға тырысамын. Білгенін одан əрі ұштаса, өзіне де олжа болар еді.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru