"Отбасының ажары – әйел" тақырыбында шеберлік сағаты өтті

Исатай ауылында Отбасы күніне орай аналар кеңесі төрайымы М.Карабалинаның және ауылдық кітапхана меңгерушісі З.Хайырованың ұйымдастыруымен «Көркем мінез - сәніңіз, тәтті тағам - дәміңіз» атты шеберлік сағаты және "Отбасының ажары - әйел" тақырыбымен семинар-тренинг өтті.

Шеберлік сағатында аналар кеңесінің төрайымы М. Қарабалина, әкім аппаратының бас маманы Р. Мангибаева тез әрі шапшаң дайындалатын тағам түрлерін әзірлеу жолдарын көрсетті. Жаз мезгілінде көкөністерді құтыға жабу жолдары көрсетілді. Алдағы уақытта әр ай сайын осындай шеберлік сағаты өтіп тұратын болды. Ал семинар-тренингке қатысушы әжелер жүкті келіншектерге қазақтың ырым-тыйымдары туралы, Исатай дәрігерлік амбулаториясының акушері Ж.Амиржанова дүниеге келген сәбиге қалай күтім жасау, жүктілік кезіндегі күтіну, нендей дәрумендер пайдалану керектігі туралы қысқаша мәліметтер берді. Сондай-ақ, шарада слайд көрсетіліп, ойын ұйымдастырылып, ауыл өнерпаздары әуезді әндерімен өрнектеді.

Айнұр ӘЖІҒАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521