Отбасының жарасымы – Отанның мықтылығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ел ішінде елеулі, тәрбиелі, сыйлы отбасыларды анықтау, оларды көпке дәріптеу, ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа, жас жанұяларға үлгі ету мақсатында 2013 жылы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы жарияланған болатын.

Осымен биыл алтыншы жыл дәстүрге айналған бұл байқау біздің ауданымызда да дүркіреп өткізіліп, лайықты деген отбасылар сараланып, іріктеу кезеңі аяқталды. Байқауға қатысуға ниет білдірген отбасылардың құжаттарына сараптау жасалып, соның ішінен жеті отбасы іріктеліп алынды. Забурын ауылдық округінен қатысушы Сатаевтар отбасы, Нарын ауылдық округінен Құбаевтар отбасы, Исатай ауылдық округінен Нұрсапиндер отбасы Алғыс хатпен, облыс- тық кезеңге өткен Исатай ауылдық округінен Қарабалиндер отбасы, Тұщықұдық ауылдық округінен Ермұхановтар отбасы, Қамысқала ауылдық округінен Жөкеевтер отбасы, Жанбай ауылдық округінен Зайдуллиндер отбасы жеңімпаз атанды. Енді олар облыстық кезеңде бақ сынайтын болады. Бұл шараның биылғы ерекшелігі – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру барысы аясында өткізілуі.

Сонымен бірге байқауға аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия да қолдау білдірді. Ұлттық байқауға қатысқан барлық отбасыларды құттықтаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Абежан осы мәселеге кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бұл байқау жылдан-жылға қанат жайып, өзгеше реңкте және жоғары деңгейде өтіп келеді екен. Аудан тұрғындары тарапынан да байқауға қатысушы отбасыларға деген құрмет білдіріліп, олардың бәсі уақыт өткен сайын артуда.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521