шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Әр бала жұлдыз болуға лайықты

Өткен апта ішінде аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әр бала - бір жұлдыз, жарқырауына мүмкіндік бер» тақырыбында Өркен орта мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған байқау өтті.

Байқауға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сағираш Беркалиева, Тұщықұдық пен Аққыстау ауылдық округтерінің аналар кеңесінің төрайымдары Балғаным Қайырлиева мен Гүлбану Кабулова қазылық етті. Әр баланың қабілетін шыңдау, күш-жігеріне сенуге үйрету арқылы әрекет құндылығының мәнін ашу мақсатында өткен шараға ауданның жеті ауылдық округінен жеті бала қатысып, байқау шарттарына сай өнерлерін ортаға салды.

Шараның алғашқы бөлімінде үйге тапсырма ретінде берілген «Жаңалық пен үміттің түсі» атты шығармашылық сурет салу бойынша қатысушылар туындыларын сәтті қорғап, таныстырды. Одан кейінгі таспадан жүргізілген әндердің аты мен орындаушысын табу, адасқан әріптерді орнына қою, мақал-мәтелдердің жалғасын табу турларында да қатысушы балалар бірінен-бірі озып, белсенділік танытып жатты.

Шара соңында қатысушы аналар кеңесі атынан планшеттер мен дипломдар ұсынылды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru