шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Сақтықта қорлық жоқ

Өткен аптада облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің кәсіби дайындық мектебі қызметкерлері ерікті өрт сөндірушілерді теориялық даярлау мақсатында ауданымызға ат басын тіреді.

Аудандық әкімдікте аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Н.Бозбалиевтың төрағалығымен өткен жиынға ауылдық округтің салаға жауапты мамандары мен ерікті өрт сөндірушілер қатысты.

Оқытудың негізгі мақсаты сеніп тапсырылған бөлімшелерде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын, жалпы өрт қауіпсіздігін, тілсіз жауға қарсы техника мен құтқару құралдарын қауіпсіз пайдалану, нормативтік құжаттардың негізгі талаптары бойынша білім мен дағдыларды қамтамасыз ету болды. Бұл жөнінде сөз алған кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы, азаматтық қорғау майоры Д.Наурызғалиев аудиторияға еліміздің көптеген кәсіпорындарында және әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың бөлімдерінде ерікті өрт сөндіру бригадаларының жұмысы жайында баян етті. Өкілдің айтуынша, ерікті жасақ өрттердің пайда болуын болдырмауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ олардың жойылуына да, адамдардың эвакуациясы сынды маңызды әрекеттерге де белсенді қатысады. Ерікті жасақ тобының білімін арттыру үшін бейнефильмдер ұсынылды. Өрт сөндіргіштердің түрлері таныстырылып, олардың қолданылу тәртібі көрсетілді.

-Ыстық ауа райының басталуымен дала өрттері көбейетіні белгілі. Мұндай өрттер бір немесе бірнеше от ошағының туындауына әсер етеді, олар үлкен аумақтарға тез таралады. Дала өрттері әдетте адамдар үшін ғана емес, ауыл шаруашылық жануарларына да үлкен қауіп төндіреді, - дейді кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы.

Оқудан кейін, дала өрті болған жағдайда, дереу атқарылар әрекеттерді пысықтау мақсатында ауыл шетіне практикалық жаттығу ұйымдастырылды. Нақты жағдайға жақын жоспарланған сценарий бойынша өткен сабақ барысында жергілікті атқарушы органдардың авариялық-құтқару қызметтері, сондай-ақ ауылдық округтердің ерікті өрт сөндіру тобы өз міндеттерін атқарды. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Н.Бозбалиевтың мәлімдеуінше, ауданда арнайы курстан өткен 62 ерікті өрт сөндіруші бар екен. Бұл – облыстың өзге өңірлерімен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш. Олардың арнайы киімдермен, құралдармен қамтылғандығын да білдік. Д.Наурызғалиевтың сөзіне сүйенсек, жақында көлік мәселесі де шешімін таппақшы. Айта кетейік, практикалық сабаққа аудандық № 6 өрт сөндіру бөлімінің 2 арнайы өрт сөндіру техникасы мен 62 ерікті өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Онда мамандар тілсіз жауды ауыздықтау тәсілдері, сондай-ақ, қауіпсіздік ережелері жайында түсінік берді.

Серікбол Панабердиев

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru