шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Шаруалар 59 миллион 502, 5 мың теңге субсидия алды

Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында 215 шаруа қожалығы төрт түлік өсіреді, оның төртеуі асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда.

Жыл ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша асыл тұқымды мал сатып алу жұмыстары жалғасын тауып, Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес және шаруагерлерді қаржылай қолдау мақсатында 41 шаруашылыққа 59 миллион 502, 5 мың теңге субсидия берілген. 2 шаруа қожалығы лизинг негізінде бір-бір трактор сатып алды.

Жыл соңындағы есепке қарағанда, ауданда 19204 мүйізді ірі қара, 37814 қой-ешкі, 8337 түйе, 18038 жылқы және 1759 бас құс бар екен. Ауданда 17,6 гектар көкөніс, 8 гектар бау-бақша, 20 гектар жоңышқа егіліп, одан алынған көкөніс - 102 тонна, бау-бақша өнімдері - 192 тонна, мал азығы дақылдары 42 тонна болып, барлық өнім 336 тоннаны құраған. Каналдарды сумен толтыру үшін аудандық бюджеттен 56 миллион 690 мың теңге қаржы қаралып, толықтай игерілді.

Биылғы жылы ақпан айының басында аудан әкімі аудандағы 10 жеке кәсіпкер және 18 шаруа қожалығы басшыларымен баға тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойған. Аудан бойынша азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағасына тұрақты мониторинг жасалып, бақылауда ұсталынып отыр. Мәліметтерге қарағанда, аудан орталығында жыл басынан бері 58 рет (аптаның жұма күндері) жәрмеңке ұйымдастырылған, 1 мал сою цехы мен 2 ет сататын дүкен тұрақты жұмыс жасауда.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru