шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Тұщықұдықта Төкеңнің әндері әуеледі

Кеше ауданның өнер сүйер жұртшылығы Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйіне қарай ағылды.

Бұнда аудан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан тума талант, әнші, сазгер Төребек Шәріповті еске алуға арналған ән кеші өткен болатын. Шараны Төребек ағамыз өзі құрған «Айгөлек» вокалды-инструменталды ансамблінің мүшелері мен «Жалын» мәдениет үйі ұжымы бірлесіп ұйымдастырды.

Төкеңнің қысқа да болса мағыналы өмір жолынан сыр шерткен бейнероликпен басталған кеште елімізге танымал термеші, Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның әншісі М.Дәулетов, Төребек ағамыздың қыз-күйеуі Ажар Төребекқызы мен Медет Қарамырза, Атырау қаласынан келген «МУЗ ТРИО» тобы , жергілікті «Айгөлек» вокалды-инструменталды ансамблі өнер көрсетті.

Естеліктер де айтылды. Сазгермен Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педагогикалық институттың музыка факультетінде бірге оқыған қапталдасы Қ.Түсекенова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Насиханов, ауыл әкімі М.Өтеғалиев, әнші М.Дәулетовтер талант иесі жайында толғаныстарымен бөлісті, Төребек Шәріповтің отбасына естелік сыйлықтар табыс етті.

Осылайша, әнші, бірнеше туындылардың авторы Төкеңді еске алуға арналған кеш жоғары деңгейде өтті. Ел-жұртының артында ізі қалған өнер иесіне деген құрметі зал толы көрерменнің ыстық ықыласынан-ақ сезіліп жатты.

С.БЕРІКБОЛ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru