Театрландырылған қойылымға 500-ге жуық адам қатысты

Ауданның 90 жылдық тойында орталық стадионда театрландырылған көрініс қойылды.

Бұл ауқымды қойылымды аудандық «Жалын мәдениет үйі мамандары ұйымдастырды. Айта кету керек, бұндай жауапты әрі үлкен аумақты қамтитын театрландырылған көріністерді талапқа сай өткізу кәсіби деңгейдегі режессерлердің жұмысын қажет етеді. Ал, осы жолы аудандық мәдениет үйінің мамандары қолға алған «Тәуелсіздікпен нұрланған өңір» атты музыкалық театрландырылған қойылым көптің көңілінен шыға алды. Аудан әкімінің құттықтау сөзінен соң басталған шарада алдымен қазақтың хан-сұлтандары атадан-балаға мирас болған ұлан-байтақ кең даланың бүгінгі мұрагерлеріне бабалар аманатын жеткізіп, ұлтты ынтымақ-бірлікке шақырды.

Одан әрі ауданға қатысты әр кезеңдегі елеулі оқиғалар сомдалды. Төрткіл дүниені дүрліктірген екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, аудан халқының жеңіс үшін еткен жанқиярлық еңбегі, сол үшін КСРО Қорғаныс министрінің ауыспалы Қызыл туын 3 мәрте жеңіп алғандығы, жеңістен кейінгі еңбек науқаны, бәрі рет-ретімен хабарланып отырды. Ал, бишілер сол сәтті іс қимыл арқылы көрерменге жеткізсе, теміржолшылар, мұнайшылар, өнер қайраткерлерін сомдағандар алаң бойымен жүріп өтті. Қысқасы, бір сағатқа жуық қойылымда шараға қатысушылар аудан туралы толықтай мәлімет алды десек, артық емес. Шарада, сондай-ақ, аудан өнерпаздары әсем әндерін әуелетіп, тұрғындар мен кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, музыкалық театрландырылған қойылымға 500-ге жуық адам атсалысты. Олардың ішінде ардагерлер, мұнайшылар, мұғалімдер, оқушылар, басқа да сала өкілдері бар.Кешкі концертте облыстың белгілі өнерпаздары мен елге танымал жас эстрада жұлдызы Әли Оқапов ән шырқады. Заманауи бағыттағы эстрадалық әнші, әсіресе, жастардың сүйікті өнерпазы саналатын әртіс патриоттық және жастарға арналған көңілді әндерін ұсынды. Ара-арасында 90-жылдығын тойлап жатқан аудан халқына деген игі тілегін де арнап жатты. Торқалы той мерекелік от-шашуға ұласты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521