шаблоны сайт визитка joomla
Скачать шаблоны Joomla 3.5 бесплатно

Қызмет алу онлайн тәсілге көшті

Аудандық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында кәсіпкерлердің өз-өзіне қызмет көрсету орны ашылды. Бұрын кеңесшілер көрсетіп келген қызметтердің біразын енді кәсіпкерлердің онлайн түрде алуларына мүмкіндіктері бар.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету тамыз айында ішінара жаңа нысанға көшті. Бұл өзгерістер еліміздегі цифрландыру жұмыстарының жүргізілуіне орай және қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.

- Кәсіпкер интернет желісіне қосылған компьютермен Services.atameken.kz сілтемесі арқылы тіркеледі. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болуы шарт. Алдымен өзі туралы мәліметтерді енгізеді, бұл келісімшарт жасау үшін қажет. Кейін қажетті қызметті таңдап, тапсырыс береді. Алайда қызметтің үш түрін: маркетингтік, бухгалтерлік, салықтық жобаларды сүйемелдеуге кеңесшілердің көмегі қажет. Сондықтан, аталған қызмет түрлері бұрынғы бағытта жүргізілуде, - дейді аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрым Мусин.

Сондай-ақ кеңесшілер өз-өзіне қызмет ету аймағында да кәсіпкерлерге көмек береді. Бастапқы кезде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Дегенмен, болашақта ұсыныстар ескеріліп, онлайн-қызмет жетілдіріліп отырады. Өз-өзіне қызмет көрсетудің аталған түрін смартфонға жүктеу арқылы мобильді қосымшаны да қолдануға болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68, 2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru