Түлектермен кездесті

Жақында «Жалын» мәдениет үйінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерді түлектерге түсіндіру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығы №40 филиалының жетекшісі Айнагүл Байғанинқызы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушілері мен аға оқытушылары мектеп түлектерімен кездесті.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған Ұлттық тестілеу орталығы №40 филиалының жетекшісі Айнагүл Байғанинқызы тесті тапсырудағы өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, биылғы оқу жылында өткізілетін білім сынағы жас түлектерге қалаған оқу орнына еркін түсуі үшін көптеген мүмкіндік береді екен. Айталық, қаңтар, наурыз және тамыз айларында тестілеуге қатынасқан талапкерлерге жоғары оқу орындарына тек ақылы бөлімге түсу үшін сертификат беріледі. Бұл ҰБТ-ге қатысу ақылы.Үш тестілеудің қорытындысы бо-йынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі, олар грант алуға жарамсыз болады. Тек маусым айындағы тестіге грантқа үміткер барлық санаттағы талапкерлер қатыса алады екен.

Өз кезегінде университеттен келген кафедра меңгерушілері мен аға оқытушылар оқу орынның тарихын, білім сапасын, студенттердің жетістігін айтып, әр мамандықтың қыр-сырын түсіндіріп оқуға шақырды. Кездесу соңында түлектер университет жанынан келген Музыка және өнер кафедрасының студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521